«Қазақстан аруы» байқауының 12 қатысушысы күнтізбе беттерінің сәніне айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жыл ішіндегі «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары мерейтойлық күнтізбенің кейіпкерлеріне айналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл «Қазақстан аруы» ұлттық байқауы мерейтойына дайындық қызу жүргізіліп жатыр және көрермендер үшін көптеген тосын сыйлар әзірлеуде.

Олардың бірі -  байқау тарихында «Қазақстан аруы»  жеңімпазы, ең сәтті, әлеуметті белсенді қатысушысы болған кейіпкерлермен таныстыру күнтізбесі. Қазақстанның алғашқы сұлулары өздерінің қазіргі өмірінен, отбасынан хабардар етеді. «Жоба бірегей ұлттық қолөнер, мәдени мұра, ұлттық киімдер, дәстүрлі тұрмыс этно-инсталляцияда түсіріледі.
 

Байқау ұйымдастырушылары арнайы қазақ жастары үшін тарихи егжей-тегжейлі түсініктермен жобаның интернет нұсқасын әзірлемек, ол жаңа ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді, мәдени мұраны түсінуіне, құрметпен қарауына, сақтауына  қызығушылығын оятатыны сөзсіз», - деп атап өтілген байқау сайтында.
 

Мерейтойлық күнтізбе кейіпкерлері: Сәуле Рахмедова («Қазақстан аруы 1996»), Дана Төлеш («Қазақстан аруы, 1998»), Маргарита Кравцова («Қазақстан аруы, 2000»), Әсия Абисова («Астана аруы, 2014»), Салтанат Бекжігітова («Алматы аруы, 2010»), Жанна Жұмалиева («Қазақстан аруы, 2010»), Айнұр Төлеуова («Қазақстан аруы, 2011»), Айдай Исаева («Қазақстан аруы, 2013»),  Регина Вандышева («Қазақстан аруы,  2014»), Айгерім Қожахан («Алматы аруы, 2013»), Ирина Аширбекова ( «Қазақстан аруы, 1998» қатысушысы), Әлия Мергенбаева («Қазақстан аруы, 2015»).   Мерейтойлық күнтізбе «Қазақстан аруы» байқауының 20 жылдығында көрсетіледі, финал Астанада 10 желтоқсанда өтеді.
null null

Соңғы жаңалықтар