Қазақстан Әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіләлемдік форумын өткізуді ұсынады - Г.Әбдіқалықова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевскимен кездесті. Сонымен қатар кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай әлемдік саясатты жүзеге асыру ісінде ХӘҚҚ-ның маңызды рөл атқаратындығын баса айтты. Сонымен бірге Қазақстан 2012 жылдан бері ХӘҚҚ-ның мүшесі бола отырып, қауымдастықтың мақсаттарына қолдау көрсетіп келе жатқандығын және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бағытында бірлесе жұмыс жүргізуге мүдделі екендігін атап өтті.

«Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесіне айрықша көңіл аударғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. ХӘҚҚ-мен ынтымақтастықты жолға қойғанымызға 5 жыл толады. Сіз халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін құруға көмек бердіңіз. Қазіргі уақытта жүйе тиімді жұмыс істеп тұр деп айтуға болады», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы 2030 жылға дейін Қазақстанның әлеуметтік даму тұжырымдамасында белгіленген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясаты кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқандығын еске салды.

Соңғы жаңалықтар