Қазақстан алдағы 3 жылда уран өндірудің шартты көлемін 20 пайызға кемітеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алдағы 3 жылда уран өндірудің шартты көлемін 20 пайызға кемітеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда өндірілген уранның 100 пайызы экспортқа шығарылады. Елімізде оны қолданбаймыз. Жалпы біз дүниежүзілік уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Оның жартысы Қазатомөнеркәсіп компаниясының еншісінде, қалғаны трансұлттық серіктестерімізге тиесілі. 2016 жылы Қазақстанда 24600 тонна уран өндірілді. Қажет болса біз мұнан да көп өндіре аламыз. Алайда, қазіргі таңда нарықта сұраныстан уран өнімі әлдеқайда көп. Сондықтан уран өндірісін арттыруға әлі ерте деп болжаудамыз», - деді ол.

 Оның айтуынша, нарықтағы уран өнімнің сұраныстан көптігі 1 фунт уранның бағасын 136 доллардан 18 долларға дейін төмендетіп жіберген. «Уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін біз өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп, қысқарту жөніндегі стратегиялық шешім қабылдадық. Айта кетерлігі, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 3 жылға жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20 пайызға азайту көзделіп отыр. Бұл шара компанияның тұтынушылар алдындағы міндеттемелеріне әсер етпейтіндігін атап өткім келеді», - деді Ғалымжан Пірімбетов.

Соңғы жаңалықтар