Қазақстан акробаттары X Азия чемпионатында топ жарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда спорттық акробатика бойынша X Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ақпараттық-спорт хабына сілтеме жасай отырып. 

«№ 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде» спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты аяқталды.

Біріншілік үш жас санатында өткізілді: үлкендер, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер және 12-18 жас аралығындағылар. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінен келген 144 спортшы үш күн бойы күш сынасты.

Сары құрлық бәсекесі Қазақстанда осымен бесінші рет өткізілді. Азия бірінішілігі Қазақстанда акробатиканы дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп бойыншаҚазақстан құрамасы бірінші орынға жайғаса, Өзбекстан спортшылары екінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

- Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Біздің команда осындай байрақты бәсекеде алға озып, жеңіске жеткеніне аса қуаныштымын. Біз командалық жарыстардан үш кубокты иелендік. Айтулы доданың медаль мен дипломдарының басым бөлігі біздің команда қоржынында. Әрине, біз үшін бұл нағыз жетістік, қуанышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес, осындай нәтиже көрсеткен еліміздің спортшыларын мақтан тұтамын,- деді Қазақстан құрамасының спортшысы Диас Балтыбаев.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль,және кубоктармен марапатталды.

Жарыс Денешынықтыру және спорт комитеті, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Қазақстанның гимнастика федерациясы» және «Алматы қаласы гимнастика федерацисы» қауымдастықтарының қолдауымен өткізілді.

Соңғы жаңалықтар