Қазақстан 41 елмен автомобильмен тасымал жасау бланкілермен алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті 42 елмен халықаралық автоомбильмен тасымал жасау үшін 150 мың рұқсат бланкілерімен алмасты. Олардың 122 мыңы - жан-жақты рұқсаттамалар, қалған 28 мыңы - үшінші елдерге жүк тасымалдау рұқсаттамалары, деп хабарлады бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық тасымалдаушыларға 109 мың шетелдік рұқсат бланкісі берілген (2016 жылы 97 мың), олардың 93%-ы пайдаланылды.

Биыл ақпан айының 19-на дейін комитет 41 мемлекетпен 126 мың бланкі алмасты. Оның 103 мыңы жан-жақты және 23 мыңы үшінші елдерге жүктерді тасымалдау рұқсаттамасы. Олар аумақтық көлікті бақылау инспекцияларына таратылған. Бланкілерді алу үшін тасымалдаушы egov.kz электрондық үкіметі арқылы тапсырыс беруі қажет.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен басқа елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемі 8,8 млн. тоннаны құрады. Автокөлікпен жүк тасымалдау транзитінің жалпы көлемі 2,1 млн. тоннаға жетті.

null 

Соңғы жаңалықтар