Қазақстан 30 дамыған мемлекеттің қатарына кірмей қалуы мүмкін - министр Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің қазіргі экономикалық өсімін ескерсек, 2050 жылға дейін дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру міндеті орындалмай қалуы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көлемі 25 мың долларды құрап отыр. Ал дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін аталған көрсеткіш 60 мың долларға жетуі тиіс.

«Біздің есебімізге сәйкес, еліміздің қазіргі 3-3,5 пайыздық экономикалық өсімімен 2050 жылға дейін дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру мүмкін емес. Сол себепті экономикалық дамудың жаңа моделін қолға алу қажет. Сөйтіп, отандық экономиканың бір жылдық орташа өсімін 5-6 пайызға дейін жеткізу керек», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, экономикалық дамудың жаңа моделі аясында өндіріс пен ауыл шаруашылығын барынша дамыту қажет. Бұдан бөлек, ірі кен орындарын игеруді жалғастырған жөн. Жалпы, отандық өнеркәсіптерді теxнологиялық жағынан жаңғырту шараларын жалғастыра беру керек. Аталған міндеттердің бәрі Президенттің биылғы Жолдауында да көрсетілген.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында министр Сүлейменов екі күннен кейін кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы аясында xалыққа несие беру шаралараның басталатынын мәлімдеді .

Соңғы жаңалықтар