«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Алматыдағы «Алматы Арена» спорт сарайында өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде «Қазақстан 1»  құрамасы бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары арасындағы аса тартысты өткен белдесу «Қазақстан 1» жеңісімен аяқталды.

Осыған дейін атап өткеніміздей өзбек балуандары жартылай финалда Жапония балуандарын 6:2 есебімен ұтып, үшінші орынға ие болды.

Жалпы, «Еуразия Барысы» турниріне Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстаннан бір-бірден құрама командалар қатысса, қазақстан екі команда қатысты.

Бұлардың арасында Бразилия, Жапония, Камерун командалары қазақ күресінен «Еуразия Барысы» турниріне тұңғыш рет қатысып отырғанын айта кеткеніміз жөн.

Сонымен бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасы 10 миллион теңгеге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасы алты миллион теңгеге және үшінші орын иеленген Өзбекстан комансына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Соңғы жаңалықтар