Қазақсанда бүгіннен бастап темекі қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңге тұратын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

25 қыркүйек күні «ҚР 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 «Фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы минималды бағасын бекіту туралы» қаулыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзгерістер енгізу туралы» №587 қаулысы бекітілді.

Осыған құжатқа байланысты Қазақстанда фильтрлі және фильтрсіз 20 тал темекінің, папиростың ең минималды бөлшектік бағасы белгіленді. Яғни, ең арзан темекі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 340 теңге, 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 360 теңге, ал 2019 жылдан бастап 380 теңге тұратын болады. 

Соңғы жаңалықтар