ҚазАқпараттың фототілшісі үстел теннисінен Сенат Кубогын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада журналистер арасында үстел теннисінен ҚР Парламенті Сенатының кубогы үшін алғашқы турнир өтті. Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне арналған жарысқа елордадағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында еліміздің жеткен жетістіктерін, Парламент жұмысын, саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды халыққа жеткізудегі сіздердің еңбектеріңіз ерекше екенін ризашылықпен атап өткім келеді. Үстел тенисінен журналистер арасына өткен жарыс тартысты әрі қызықты шара болды. «Спорт» - ағылшын тілінен аударғанда «ойын, көңіл көтеру» дегенді білдіреді. Ой еңбегінің майталмандарына бүгін өз шеберліктерін танытуға әрі мерекеде көңіл сергітуге мүмкіндік туды», - деді сенатор Дархан Кәлетаев.



Жарыс нәтижесі бойынша, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Дәурен Мұхамеджанов Парламент Сенаты турнирінің жеңімпазы әрі кубогының иегері атанды. Журналистика ардагері, публицист Қайнар Олжай - екінші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тілшісі үшінші орын алды.

Турнирдің барлық жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Үстел теннисі федерациясының сетификаттарымен және ақшалай сыйақыларымен марапатталды. Сыйлықтарды депутат Дархан Кәлетаев пен Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков табыстады.

Іс-шараға ҚР Ұлттық олимпиада комитеті қолдау білдірді. 






Соңғы жаңалықтар