«ҚазАқпарат» жаңалықтары ыңғайлы мобильдік қосымшада таратылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі IOS және Android смартфондары үшін жаңалықтардан уақтылы хабардар ететін мобильдік қосымша жасап шығарды.

Мобильдік қосымшада Қазақстандағы және жаһандағы ең маңызды жаңалықтар басты экранға шығады. Содан кейін оқырмандар өзіне қызықты тақырыптық бағыттарды таңдап ала алады.

Мобильдік қосымша «ҚазАқпарат» ХАА жаңалықтарын қазақ (латын әліпбиінде де), орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынады.

Сондай-ақ, қосымшада көзі нашар көретін адамдардың бейіміне қарай ыңғайлы, оқылымы өзгелерден оқ бойы озық жаңалықтарды шығару, ерекше жаңалықтар және бөлісу қызметтері қарастырылған.

Android нұсқаны жүктеп алу үшін мына сілтемеге өту керек.

IOS нұсқаны жүктеп алу үшін мына сілтемені басу керек

 

Соңғы жаңалықтар