«ҚазАқпарат» тілшісі ТМД Парламентаралық ассамблеясының марапатына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні еліміздің заң шығару органдарының қызметін белсенді жариялап жүрген журналистерге алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтатын маңызды құрал. Жоғары патриоттылық, әділдік және табандылық сынды қасиеттер әркез баспа және электронды БАҚ-ты сипаттайды. Біздің елімізде журналистика маңызды рөлге ие және солай бола да береді. БАҚ миллиондаған адамдар алдында танымалдылыққа және сенімділікке ие», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат спикері қазақстандық масс-медианың ақпараттарды жылдам тарататындығы және болып жатқан шараларға байланысты терең сараптама жасайтындығына көз жеткізген.

«Мен өзімнің жаратылысым және психологияммен журналистикаға жақынмын. Бала күнімде журналист болуды армандадым, алайда өмір ағысы басқаша болды. Дегенмен, уақыт өткен сайын мен мақалалар мен кітаптар жазумен айналысамын. Сол себепті журналистиканы жақсы түсінемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат тілшісі ТМД Парламентаралық ассамблеясының марапатына ие болды.

Сенат төрағасы бірнеше журналистердің атын атады. Марапатталғандар арасында - «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Дамир Байманов пен Мұратбек Мақұлбековтер де бар. Мұратбек Мақұлбековке Валентина Матвиенконың төрағалығындағы ТМД Парламентаралық ассамблеясының  «Баспа және ақпаратты дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. 

Соңғы жаңалықтар