ҚазАқпарат тілшісі Пхенчханда YONHAP NEWS агенттігінде болды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - ХХIII қысқы Олимпиада ойындарынан хабар таратып жүрген ҚазАқпарат тілшісі Күнсұлтан Отарбай Оңтүстік Кореяның YONHAP NEWS халықаралық агенттігінің бас редакторы Sunghan Lee-мен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында әріптестер екі елдің ақпарат агенттіктері арасындағы байланыстары туралы пікір алмасты. 

YONHAP NEWS агенттігінің халықаралық байланыстар бөлімінің қызметкері Ю Мин Сон Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына зор табыс тілейтінін жеткізді.

«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігімен жақсы әріптестер ретінде жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта да осы дәрежеде қала береміз деген сенімдемін. Біз ҚазАқпарат халықаралық агенттігін бұрыннан жақсы білеміз және серіктес болғанымыз үшін өте қуаныштымыз», - деп атап өтті Ю Мин Сон.

null 

Сондай-ақ, тараптар Корея елінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғаны жөнінде әңгімелесті.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА 2017 жылы Корея Республикасының «Yonhap» ірі ақпарат агенттігімен келісім жасады. Келісімге сәйкес, «ҚазАқпарат» Yonhap агенттігінің PyeongChang News Service Network (PNN - «Пхёнчхан ақпараттар желісі») жүйесіне қосылды.

Yonhap агенттігі Кореяның Пхёнчхан қаласында PNN жүйесі арқылы әлемнің ақпарат агенттіктеріне қысқы Олимпиада ойындарынан жаңалықтар, суреттер бейнероликтер мен ақпараттар таратуда. «ҚазАқпарат» ХАА кореялық агенттікпен келісім аясында Олимпиада ойындарынан қажетті ақпарат өнімдерін дер кезінде алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

«ҚазАқпарат» пен Yonhap агенттіктері келісім жасай отырып, PNN желісінің қысқы Олимпиада ойындарынан хабар таратуға ғана емес, мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынастарын нығайтуға да септігін тигізуде деуге болады.  Себебі PNN желісі Олимпиада мен Паралимпиада ойындары аяқталғаннан кейін де ақпарат алмасудың платформасы ретінде пайдаланылмақ.

Айта кетейік, Кореяның жетекші ақпарат агенттігі Yonhap-тың негізі 1980 жылы 19 желтоқсанда «Хаптон» және «Тонъян» агенттіктерін біріктіру нәтижесінде қаланған болатын.

Соңғы жаңалықтар