Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -6 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

«ҚазАқпарат» The Business Year-мен меморандумға қол қойды

2017 жылғы 13 қазан 18:25 686
Поделиться:
«ҚазАқпарат» The Business Year-мен меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев пен The Business Year: Kazakhstan компаниясының өңірлік менеджері Джулиана Карузо ынтымақтастық меморандумына қол қойды.


«ҚазАқпарат» The Business Year-мен меморандумға қол қойды
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен The Business Year (TBY) халықаралық баспасы және зерттеу компаниясы жалпы қызметті ұйымдастыру, контент алмасу, біріккен жобалар әзірлеп, бірлескен шараларды ұйымдастыру жөнінде келісім жасасты.

«ҚазАқпарат» The Business Year-мен меморандумға қол қойды

«The Business Year» - ұлттық экономикадағы жылдық экономикалық ресурстар баспасы және алдыңғы қатарлы зерттеу фирмаларының бірі. 35 елде өкілдігі бар TBY бүкіл әлем бойынша бизнес пен саясатты жасаушы адамдар мен идеяларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«ҚазАқпарат» The Business Year-мен меморандумға қол қойды

Данияр Өтешев TBY-мен жасалған ынтымақтастық меморандумының тиімді тұстарына тоқталды. «Халықаралық байланыстарды дамыту мақсатында "ҚазАқпарат" ХАА тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар әлемдегі 35 елдің ұлттық экономикасындағы жылдық экономикалық ресурстар баспасы және алдыңғы қатарлы зерттеу фирмаларының бірі The Business Year-мен (TBY) ынтымақтастық меморандумын жасасты. TBY әлемдік бизнес элита өкілдерінің арасындағы танымал әрі шетелдің әлеуетті инвесторларын түрлі елдердің дамуы мен экономикалық ахуалы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін белді басылымдардың бірі», - деді «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары.


Басты сөздер: БАҚ,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат