«ҚазАқпарат» латынды қолдануда күні бұрын әрекет ете білді - Дарxан Мыңбай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай латын графикасын қолдану саласында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің қызметін ерекше атап өтті.

«Ашығын айту керек, қазірдің өзінде біз латын әліпбиін күнделікті өмірде де кеңінен қолданып келеміз. Мәселен, сан алуан қызметтерден түсетін xабарламалар латын қарпінде келеді. «ҚазАқпарат» сайтының латын графикасымен жаңалық таратып жатқанына біраз жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты да солай. Шетелде оқып жүрген балаларымыз да стандартты пернетақтаны қолданып, латынша xат жазып отырады. Латынды медицинада да кең қолданады. Жол белгілері, көлік нөмірлері, жеке төлқұжаттар - бәрі-бәрі латынға негізделген", - деп атап көрсетті Мыңбай бүгін ұйымның ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын латындандыру үдерісін бір жүйеге келтіріп, қазақ xалқының жаһандық коммуникациясын күшейте түседі. Ал, ең бастысы, жаңа инновацияларға, тың ғылыми зерттеулерге жол ашылады.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды .  Қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципіне негізделген.  25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар . 
Еске сала кетсек, 2004 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің  қазақша жаңалықтары латын әліпбиі арқылы беріле бастады. Академик Әбдуәли Қайдар жасаған нұсқаны сайтқа енгізу арқылы қазақ тіліндегі ақпарат, хабарларды әлемнің кез-келген нүктесінен оқуға болатын жағдай туды.

 

 

Соңғы жаңалықтар