ҚазАқпарат қызметкері асық ату чемпионатында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Саягүл Жарылқасын Асық ату бойынша Петропавлда өткен республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асық ату спортынан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық чемпионат биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі асық ату чемпионаттары Қостанай, Орал, Көкшетау қалаларында өткен еді.
«Асық спорты жылдан-жылға дамып келеді. Еліміздің түрлі өңірлерінде асық ату үйірмелері ашылып, балабақшаларда асық-терапия енгізіліп жатыр. Чемпионатқа қатысушы командалар саны да артып келеді. Биылғы командалар республикамыздың 7 өңірінен, атап айтқанда, БҚО, Қызылорда, ОҚО, Астана, Ақмола, Қостанай және СҚО-дан жиналды», - дейді Астана қаласының асық атудан аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметов.

Ерлер арасындағы асық атуда Астана қаласының құрамасы Мырзамұрат Қайыпбеков, Әділхан Жұмағұлов, Нұрғанат Молжігітов озық шығып, екі дүркін чемпион атанды.

Қыздар арасында да бес асықтан елордалық арулар Анар Қожаниязова, Саягүл Жарылқасын, Айжан Серікова басым түсті.

null 

Ерлер арасындағы республикалық асық ату сайысында Қостанай облысы құрамасы екінші орынды, ОҚО асықшылары - үшінші орынды жеңіп алды. Қыздар арасындағы «Бес асық» сайысында жүлделі орындарды СҚО және Қостанай қыздары түйіндеді.

Асық - қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Асық ойнаған баланың жылдамдығы, мергендігі дамып, алыстан көру қабілеті артады, аяқ-қолы ширақ қимылдап, епті бола түседі.
null

Соңғы жаңалықтар