«ҚазАқпарат» ХАА Жібек жолының алғашқы БАҚ форумына қатысып жатыр

None
None
НАНКИН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА басшыcы Әсел Төлегенова мен «Комсомольская правда - Казахстан» газетінің басшысы Асылбек Бисенбаев ҚХР Цзянсу провинциясы Нанкин қаласында бүгін ашылған Жібек жолы БАҚ ынтымақтастығының алғашқы форумына қатысады, деп хабарлады Қытайдағы агенттіктің меншікті тілшісі.

Форум «ЭКСПО әлемнің тарихи және мәдени қалалары» аясында өтеді. Оны Қытайдың шет тілдердегі әдебиеттер баспа басқармасы мен «Жэньминь хуабао» (China Pictorial) баспасының қолдауы және жәрдемдесуімен Нанкин үкіметі ұйымдастырды, деп хабарлады Нанкин баспасөз кеңсесі және Нанкин радио хабар тарату, кинематография және телевидение корпорациясы.

Форумның басты тақырыбы - «Пікір біртұтастығы, бірлескен құрылыс, ортақ күштердің жемісін пайдалану: «Бір белдеу, бір жол» аясында БАҚ ынтымақтастығы. Оған «Бір белдеу, бір жол»  маңында орналасқан 13 елден 20 медиа құрылым өкілдері қатысады».

Шара үш панелді пікірталас өткізуді көздейді: «Жібек жолының бірлескен құрылысы аясында БАҚ ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері, сын-тегеуріндері», «БАҚ халықтардың өзара түсіністігін қалай нығайтады»,  «Бір белдеу, бір жол» қалаларының үлгілері», халықаралық аренада мәдени білімдерді тарату».

Форум «Нанкин консенсус» жетістігімен аяқталады.

null  

Соңғы жаңалықтар