«ҚазАқпарат» ХАА-ның Қазақстанның басқа елдерге гуманитарлық көмек беруі туралы материалына түсініктеме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі үш мемлекетке берілген гуманитарлық көмек жайындағы материалдың тақырыбында кеткен қателік үшін оқырмандардан кешірім сұрайды.

«ҚазАқпарат» ХАА сайтында 2018 жылғы 3 қаңтар күні 13:46-да шыққан материалда Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бұған дейін аталған ведомстводан Сирияға, Тәжікстанға және Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде бөлінген қаражаттың орнына Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бөлінуі тиіс материалдық құн туралы айтылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына 2017 жылдың 20 желтоқсанында қол қойылған және ол «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды. 

Осылайша, материалда аталған мемлекеттерге гуманитарлық көмек бөлу туралы сөз болмаған. Қате қойылған тақырып «ҚазАқпарат» ХАА пайдаланушыларын шатастыруы мүмкін.

Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ХАА редакциясы ақпарат агенттігінің барша оқырманынан кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар