«ҚазАқпарат» ХАА Аргентинаның ірі ақпарат агенттігімен Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасы Буэнос-Айресте Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА мен Аргентинаның ірі ақпарат агенттігі Telam арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа Қазақстан тарапынан Қазақстанның Бразилиядағы елшісі және Аргентинадағы елші қызметін қоса атқарушы Қайрат Саржанов, Аргентина тарапынан Telam ұлттық ақпарат агенттігінің президенті Родольфо Поуса қол қойды. Рәсімде Қазақстан елшісі жетекші Telam ақпарат агенттігі қазақстандық жетекші БАҚ өкілдерінің бірімен ынтымақтастық орнатқан Латын Америкасындағы алғашқы ақпарат құралдарының бірі екенін атап өтті.

«Осы меморандумның арқасында елдеріміз БАҚ-тарының арасында екіжақты Қазақстан-Аргентина әріптестігін дамытуға ұзақ уақыт қызмет ететін табысты ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін», - деді қазақстандық дипломат. Қайрат Саржанов ҚазАқпарат пен Telam арасындағы өзара ықпалдастық қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Қазақстан мәдениетін Аргентинада белсенді түрде насихаттауға септігін тигізетінін тілге тиек етті.

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шілде айында Аргентинаның бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық сана федералдық жүйесі министрі Эрнан Ломбардимен (Hernan Lombardi) кездесіп, тараптар ынтымақтастық туралы келісім жасасқан болатын. Ведомстволар басшылары қол қойған меморандум жаңалықтар, деректі фильмдер алмасу, сондай-ақ бірлесе кадрлар даярлау мүмкіндіктерін береді.

Соңғы жаңалықтар