«ҚазАқпарат» ХАА ақпарат алаңындағы көшбасшылығын нығайта бермек - Асқар Умаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі ақпарат айдынындағы көшбасшылығын нығайта бермек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында «ҚазАқпарат» агенттігінің 2017 жылғы қызмет қорытындылары мен 2018 жылға арналған жоспарлары жария етілді.

«Мемлекеттік ақпарат агенттігі болғаннан кейін, 2017 жылдың қорытындысын жариялап, 2018 жылға жоспарлармен бөлісуді жөн көрдік. Былтырғы жыл «ҚазАқпарат» үшін өте жақсы болды деп айтуға болады.  Бұл тұрғыда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан елеулі қолдау жасалды. 2017 жылы «ҚазАқпарат» сайтын пайдаланушылар 21 пайызға өсіп, біздің нақты аудиториямыз, яғни бірегей пайдаланушылар 12 миллионға жетті», - деп тоқталды Асқар Умаров.

Сонымен қатар Бас директор агенттік шетелге ақпарат таратуға да ерекше мән беріп отырғанын айта келе, «ҚазАқпарат» жаңалықтары төрт тілде 227 елге таралып жатқанын жеткізді.

«Төте жазу нұсқасы да жақсы жолға қойылған. Осы орайда, негізгі аудиториямыз Қытай мен Иранда. Сәйкесінше, бұл бағыттағы көрсеткіштер артып келеді», - деп нақтылады А. Умаров.

null 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде агенттіктің парақшасына жазылушылар саны үш есеге дейін артты.  2017 жылы 18 тақырыптық жобалар, 4 web-жоба жүзеге асты. Сондай-ақ былтыр «Фотобанк» (photobank.inform.kz) құрылып, онда тарихи фотосуреттер жинақталды, қазіргі заманғы фотосуреттердің жаңа базасы қалыптасты.

«Бізде жаңа форматтар іске қосылып жатыр. Оның ішінде былтыр алғашқы рет «KazLiveInform» видеоақпараттардың жаңа форматы бойынша жұмыс басталды. Видеоконтент үлесі 10 пайызға өсті. Мұнымен қоса, Sport.Inform.kz спорттық порталы іске қосылғанын еске салғым келеді және ол өз кезегінде  танымал бола бастады. Жоба инвесторлар қаржысы есебінен жүзеге асырылды, яғни бұған мемлекеттік қаржы жұмсалмады», - деді ол.

2017 жылы шетелдік ақпарат агенттіктерімен 18 меморандумға қол қойылды. Шетелдік серіктестер сайтына 120-дан астам материал орналастырылып, әріптестермен контент және баннер алмасу атқарылды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «ҚазАқпарат» біраз жұмыс атқарды.  Бірқатар арнайы жобаларды іске асырдық. Атап айтқанда, алдағы жылы өз қызметімізді кеңейтуді көздеп отырмыз. Бұл тұрғыда ағылшын және қытай редакцияларының контентін арттыру жоспарлануда. Себебі аудиториялық үлкен сұраныс бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, «ҚазАқпарат» сайтын пайдаланушылар қатарында төртінші орында Украина болса, бүгінде бұл орынға Франция көтерілді. Негізі, ағылшын тіліндегі Қазақстаннан таралған ақпараттарға қызығушылық артып келе жатқанын аңғардық. Осы орайда күн сайын тиісті мониторинг жүргізіп келеміз», - деді Асқар Умаров.

 

Соңғы жаңалықтар