ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 20-25 қыркүйек аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ҮКІМЕТ

20 қыркүйекте ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымы мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы өтеді.

20 қыркүйекте 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындауға қатвысты дөңгелек үстел өтеді.

21-23 қыркүйекте Астанада Тәуелсіздік сарайында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VII конференциясы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

20 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-экономикалық даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

20 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысы өтеді.

20 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің кеңейтлген отырысы өтеді.

20 қыркүйекте ҚР Парламетнті Мәжілісінің Занама және сот-құқықтық істер бойынша комитетінің отырысы өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

22 қыркүйекте Алматыда «Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы бизнес» тақырыбында ЕурАзЭҚ халықаралық форумы өтеді.

ТМД

11-20 қыркүйекте Анапада ТМД елдерінің ХХ ашық кинофестивалі өтуде.

17-22 қыркүйекте Киевтің София алаңында ІІІ халықаралық Киев кинофестивалі өтуде.

18-21 қыркүйекте Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-Ата қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы елдерінің жастар форумы өтуде.

21-23 қыркүйекте Севастопольдегі (Қырым) Мәскеу үйінде «ХХІ ғасырдағы славян мәдениеті» халықаралық конференциясы өтеді.

ҚОҒАМ

1 қаңтар мен 25 қараша аралығында ҚР Мәдениет министрілігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын өткізуде.

20-22 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысында «Жер-2011» республикалық командалық-табтықс жаттығуларын өткізеді.

СПОРТ

19-25 қыркүйекте Копенгагенде (Дания) тас жолдағы велосайыс өтуде.

21-29 қыркүйекте Тегранда (Иран) ерлер ұлттық командалары арасында XVI Азия чемпионаты өтеді.

22 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Баку қаласында бокстан ХVI Әлем чемпионаты өтеді.

АСТАНА

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астана қаласында республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.

18-27 қыркүйекте Астанада Бибігүл Төлегенованың V халықаралық әншілер конкурсы өтуде.

20 қыркүйекте Астанада «Пекин Палас Астана» қонақүйінде «Польфарма» АҚ және «Химфарм» АҚ арасындағы ынтымақтастық басталуына арналған ақпараттық кездесу өтеді.

20-21 қыркүйекте Астанада ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің ХХІХ отырысы өтеді.

20 қыркүйекте «Діни қызмет және діни бірлестіктер тураы» заң жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

20 қыркүйекте Президентік мәдениео орталығында түркі тілдес елдер суретшілерінің көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

29 тамыз бен 29 қыркүйек аралығында Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан достардың көзімен» фотокөрмесі өтуде.

20 қыркүйекте - Алматыда Еуразиялық кионфестиваль күнделігі»

20 қыркүйекте ҚХЭБИ «институтында ирандық суретші Амир Шайестех Табардың көрмесі өтеді

20 қыркүйекте Қазақ баспасөз клубында ҚР Диабет қауымдастығының баспасөз мәлслихаты өтеді.

20 қыркүйекте «7 арнаның» жаңа маусымның таныстырылымы өтеді.

20 қыркүйекте «Достық» қонақүйінде электрондық сөздіктің қазақ тіліндегі нұсқасының шығуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

20-23 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ядролық орталығының Ядролық физика институтында VIII халықаралық «Ядролық және радиациялық физика» конференциясы өтеді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

22-26 қыркүйек күндері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында Астана қаласының М.Горький атындағы орыс драма театрының гастролі өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 20-Ы, СЕЙСЕНБІ

Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын қыркүйектің 21-інде атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.

Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981-інші жылы бекіткен. 2002-нші жылғы қыркүйектің 21-інен атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін қыркүйектің 21-інде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-інші сессиясында (2001-інші жылғы қыркүйектің 28-індегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.

Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.

Жыл сайын қыркүйектің 21-інде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

56 жыл бұрын (1955) Семейде Республикалық тарихи-патриоттық «Поиск» клубы құрылды.

«Поиск» клубының қызметі жастарды тәрбиелеуге бағытталған. Семейлік клубтың белсенді қатысушылары Шығыс Қазақстан аймағы бойынша экспедиция жасап, соғыс кезінде із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдерін қалпына келтірді.

10 жыл бұрын (2001) Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопарк ашылды. Жалпы аумағы 36 га. құрайтын этнопаркте Ұлытау және Қарқаралы тауы, Балқаш көлі, қаланың бас ғимараттары орналасқан.

9 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлықтарына қол қойды.

6 жыл бұрын (2005) Қостанайдың облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақстанның танымал мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың жеке көрмесі ашылды.

«Мелодия камня» атты көрме қостанайлық суретшінің шығармашылық өмірі туралы баяндайды. Көрмеге оның жарты ғасырдан астам уақыт ішінде жасалған жұмыстары қойылған. Негізінде көрмеге қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерінің мүсін портреттері қойылған.

Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925-2009) - мүсінші, ұлтық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қостанай облысы Мендіғара ауданының Ұлыкөл ауылында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды. Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіш («Амангелді Иманов», Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында), бюстер («Құрманғазы», «М.Хакімжанова», С.Қожамқұлов», «С.Сейфуллин», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында), сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жакдев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасаған. Казақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

4 жыл бұрын (2007) Алматыда, көздері жартылай және толығымен көрмейтін адамдарға арнап шығарылған алғашқы «Жеке заң кеңесшісі» атты заңнамалық актілер аудиожинағының таныстырылымы болып өтті.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық заңнамалық актілер жинағын шығару идеясының иесі «Анашым» ғаріп балалар мен жастар қорына жатады. «Жеке заң кеңесшісінің» құрылу мақсаты - білім, денсаулық сақтау және салық төлеу сұрақтары бойынша түсінікті заң көмегін беруге бағытталған.

4 жыл бұрын (2007) Шымкенттің «Жебе» киностудиясы «Түлкі, бүрге және тасбақа» атты жаңа анимациялық фильмін шығарды.

Мультфильм қазақ халық ертегілері бойынша түсірілген. Ертегіде достық және еңбекқорлық жайлы баяндалады.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1891-1938) қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері КҮДЕРИН Жұмақан Маусымбайұлы дүниеге келді.

Семей облысының Аягөз қаласында туған. 1918 жылы Лепсі қаласында Кеңестердің бірінші съезінде делегат және Жер комиссары болып сайланған. 1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, оның тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың жанұя еліне қайта оралды. 1921 жылы Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қарсы емдеу жұмыстарына қатысты. 1924-1930 жылдары Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінде оқыған. Осы университетте оқып жүріп, Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедицияға қатысты. Ол «Қытайдағы босқындар өмірі», «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар» атты этнографиялық еңбектердің, «Ботаника», «Қой мен оның жүні», «Кендір» секілді биологиялық еңбектердің авторы. Ең құнды еңбектерінің бірі - «Орта Азиядағы жыландар түрі» мен «Өсімдіктану» оқулығының араб және латын әріпімен тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі. 1930 жылы ғалым тұтқындалып, Ресейдің Воронеж қаласына жер аударылды. 1935 жылы тұтқыннан босаған ол Алматыға оралып, ҚазКСР Жер халкомының Мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном болды. 1937 жылғы мамырдың 22-інде қайтадан тұтқынға алынып, 1938 жылғы наурыздың 7-сінде ату жазасына кесілді. 1990 жылы маусымда ақталды. Алматыда бір көше Күдерин есімімен аталады.

75 жыл бұрын (1936) Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымының докторы, профессор ХАМИТОВ Нұрғали Нығметұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Жаркент қаласында туған. Алматы есеп-кредит техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Алматы облыстық банкінде, Алматы облыстық қаржы бөлімінде, «Казгипропищепром» институтында, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Экономика институтында жұмыс істеген. 1996 жылдан Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 100-ден аса ғылыми еңбектің, 16 монографияның авторы.

65 жыл бұрын (1946) Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі ЕСКЕНДІРОВ Шәрібжан Заханұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын бітірген. 1971-1972 жылдары - Қазақ химия-технология институтының ассистенті. 1972-1975 жылдары - Мәскеу химия-технология институтының аспиранты. 1976-1997 жылдары - Қазақ химия-технология институтының деканы, кафедра меңгерушісі. 1999 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде факультет деканы, проректор қызметтерін атқарған.

3 кітаптың, 110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 21-І, СӘРСЕНБІ

Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қыркүйектің 21-інде болған бүкілхалықтық референдумда көпшілік тәуелсіз мемлекет құруды қолдады.

Қазақстан Республикасы мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.

Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Мальта - Жерорта теңізіндегі Мальта, Гоцо, Комино, Кемунет, Филфла аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Валлетта қаласы. Мемлекеттік тілі - мальта және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - мальта лирасы.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1995) Украина астанасы Киевте Абайдың 150 жылдығына арналған мереке болып өтті.

Сонымен қатар 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәскеудегі Чистопрудный булварында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашқан.

10 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

6 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазына комитеті ақпараттық технологиялар саласындағы ерекше интегралды ақпараттық жүйені енгізген үшін «Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар емес» категориясының The Computerworld Honors халықаралық бағдарламалар сертификаты - әлемнің ең жоғары сыйлығымен марапатталды.

6 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасындағы Ұлттық түрік мәдениет орталығының өкілі Зиятдин Қасанов көп ұлтты елде ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтқаны үшін, ЮНЕСКО-ның осы саладағы стратегияларына белсенді қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО бекіткен «Алтын қыран» құрмет белгісімен марапатталды.

Сыйлықты орталық жетекшісіне Еуропалық комиссияның мүшесі Ким Сен тапсырды. Сонымен қоса «Азия - одна семья» халықаралық қайырымдылық қауымдастығының және Еуропалық университетінің Құрметті ғылым докторының дипломы тапсырылды.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда, Орталық көрме залында «Возвращение динозавров» атты көрме ашылды.

Көрмеге динозаврлардың табылған сүйектерінен ғылыми талдау негізінде жасалған роботтандырылған макеттер қойылған. Заманауи компьютерлік бағдарламалардың көмегімен палеонтологиялық зерттеулердің қорытындысы негізінде диназаврлардың сыртқы келбеті, терісі қалпына келтірілді.

Көрменің негізгі ерекшелігінің бірі - 400 миллион жыл бұрыннан қазіргі күнге дейінгі жер бетіндегі тіршіліктің кезеңдері көрсетілген.

2 жыл бұрын (2009) Атырауда Еуропалық Қауіпсіздік бойынша Ынтымақтастық Ұйымының Каспий аймақтық Орхус орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, облыс әкімдігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және республиканың үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының өкілдері қол қойды. Бұл республикамыздағы аймақта құрылған алғашқы Орхус орталығы.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылық өкілі, Қазақстан Республикасы Ұланының қолбасшысы, тарих ғылымының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, генерал-лейтенант ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекбайұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматының Жоғары жалпы әскери басқару училищесін, Мәскеудің Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп келеді. 1973-1997 жылдары Алматының жоғары жалпы әскери басқару училищесінде курсанттар взводының командирінен училище бастығына дейінгі жолдан өтіп, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болды. 1997-2002 жылдары Республика Қарулы Күштері Әскери академиясының бастығы қызметін атқарды. 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. 2007 жылы Сингапурдағы Ұлттық университетте біліктілігін арттыру мақсатындағы курсты тәмамдады.

49 ғылыми және әдеби жарияланымдардың авторы.

«Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) «Локомотив» АҚ президенті, құрметті теміржолшы, экономика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы ТАЛАСБЕКОВ Қадыл Секенұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын, Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1977-1997 жылдары - Қарағанды темір жолы бөлімшесінің поезд диспетчері, аға диспетчердің орынбасары, тасымалдау бөлімі бастығының орынбасары, бастығы - жолдар бөлімінің бөлімше бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары - Сарыарқа темір жолы бастығының орынбасары, бастығы. 1998-1999 жылдары - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қарағанды тасымалдау бөлімшесі» филиалының бастығы. 1999-2002 жылдары - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары. 2002-2006 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ-ының вице-президенті. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының бас инженері. 2008 жылы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының бірінші вице-президенті. 2008-2010 жылдары - «Локомотив» АҚ-ының президенті. 2010 жылдың жетоқсанынан - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры.

Медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты ТАЛАСБЕКОВ Жомарт Секенұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1980-1981 жылдары - Ақбастау ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1981-1985 жылдары - Мичурин аудандық арнайы шаруашылық бірлестігі партия комитетінің хатшысы. 1985-1991 жылдары - Мичурин аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы, екінші хатшысы. 1991-1997 жылдары - совхоз директоры. 1997-1998 жылдары - «Намыс нан» ЖШС-інің атқарушы директоры. 1998-1999 жылдары - «Астық өнімдері» АҚ-ының президенті. 1999-2006 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы Қарағанды облыстық техникалық реттеу және метрология басқармасының бастығы 2006 жылдың қыркүйегінен - «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысындағы өкілдігінің директоры, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Ішкі және кадр саясаты қызметі директоры. 2007 жылдың тамызынан - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, 3 медальмен марапатталған.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 22-І, БЕЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні. Автокөлікті пайдаланбау күнін өткізу күні 1998 жылы Францияда дүниеге келді. Сол күні бұл мейрамға жиырма шақты қала ғана қатысты. Бірақ 2001 жылы бұл қозғалысқа 35 елдің мыңдаған қалалары қосылды. Бұл күні Еуропаның ірі қалалары автокөлікті пайдалануын қысқартады, қала ішінде трамваймен, троллейбуспен, автобуспен, метромен және де қоғамдық көліктің басқа түрлерін, сонымен қатар жаяу жүреді немесе велосипедті пайдаланады.

Мали Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Мали - Батыс Африкадағы мемлекет. Астанасы - Бамако қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс. Ақша бірлігі - мали франкі.

Болгария Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1908 жылғы қыркүйектің 22-інде Велико-Тырново қаласында Болгария княздігінің Осман империясынан тәуелсіздік алғанын айқындайтын манифест жарияланды. Болгария - Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Балқан жарты аралында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Румыниямен, оңтүстігі Түркия, Грекиямен, батысы Сербия және бұрынғы Македония Югославия Республикасымен, шығысы Қара теңізбен шектеседі. Астанасы - София қаласы. Мемлекеттік тілі - болгар тілі. Ақша бірлігі - лев.

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 5-інде орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1995) Қазақстандағы Украина Елшілігі ашылып, оған екі ел Президенттері қатысты.

10 жыл бұрын (2001) Қазақстанға мемлекеттік іс-сапармен келген Рим папасы Иоанн Павел II-іні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайында қарсы алды.

8 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өз резиденциясында Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нугзара Дучидзеден сенім граматосын қабылдады.

6 жыл бұрын (2005) қазақтың профессоры, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының Президенті Дамиля Нұғманова республика және ТМД дәрігерлерінің арасында бірінші болып Бүкіләлемдік отбасылық дәрігерлер ұйымының құрметіне ие болды.

Дамиля Нұғманова «Бүкіләлемдік отбасылық дәрігер» атағына Қазақстанның және Орталық Азияның барлық аймағындағы денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін ие болды. Ол облыстық және ұлттық деңгейдегі денсаулық саласының жоспарларын реформалауға және стратегияларын құрастыруға, Қазақстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның отбасылық дәрігерлер институтының қалыптасуына, учаскелік педиаторларды және терапевттерді қайта оқыту жүйесін ұйымдастыруға қатысты. Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы отбасылық дәрігерлердің мүдделерін қорғайды, оларды озық медициналық ақпараттармен және Қазақстан халқына қолайлы үздіксіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің ғимаратында Қазақстанның Олимпиада чемпиондарына арналған пошта маркасы топтамасының тұсау кесер рәсімі өтті.

«Қазақстанның Олимпиада чемпиондары» тақырыбындағы маркалар «Спорт» сериясынан алғаш рет шығып отыр. Топтама төрт маркадан тұрады, онда классикалық күрестен Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетикадан Виталий Савин, бокстан әйгілі чемпиондар Василий Жиров және Бекзат Саттарханов бейнеленген. Әзірше төрт марка басып шығарылды. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Жалпы маркалардың саны - 50 мың дана. Маркалар Пекин пошталық төлем белгілері фабрикасында басып шығарылған.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда қыркүйектің 23-29 аралығында Қазақстанда Голландия апталығы өтті.

Ұйымдастырушысы - Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы өкілі.

Голландия апталығы аясында SOUL және R&B стиліндегі шоу өтті, онда қазақстандық музыканттармен бірге «All-Stars Band» тобы өнер көрсетті, «Цезарь» кинотеатрында голландия киносының week-end болды, «Тенгри Умай» қазіргі заманғы өнер галереясында нидерландық суретші Рональд Кляйердің жұмыстары қойылған және «Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық» тақырыбында бизнес-семинар өткізілді.

2 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысты.

Ескерткіш Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би атындағы көшелердің қиылысында орналасқан «Ордабасы» алаңында бой көтерді. Биіктігі 24 метрлік үш қырлы стелла ел халқының бірлігін бейнелейді, монументтің әр қырына дана билердің сөздері қашап жазылған. Монументтің ұшар басына «Жер-Ана» мүсіні орнатылған. Стелланың іргесі ою-өрнектермен безендірілген. Монумент авторлары - Насыр Рүстемов пен Бақытжан Әшірбаев.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1926-2003) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СТАТЕНИН Андрей Григорьевич дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Кемеров облысында туған. Новосібір темір жол көлігі инженерлері институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1963-1964 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық, Октябрь аудандық партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1964-1971 жылдары - Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1971-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің іс басқарушысы. 1989-1996 жылдары - «ҚазИнПресс» қауымдастығының аға инженері, директоры. 1996-1998 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі. 1998 жылы зейнет демалысына шыққан.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) «ҚазРосГаз» АҚ-ының бас директоры, педагогика ғылымының кандидаты БОРАНБАЕВ Қайрат Советайұлы дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Торғай облыстық спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 1991-1993 жылдары - Алматы қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі. 1993-1996 жылдары - «Дека» компаниясының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Алаш» Жабық үлгідегі акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары - «Алтын алма» ЖШС-інің бас директоры. 1999-2000 жылдары - «Система» ЖШС-інің вице-президенті. 2000 жылы - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ының атқарушы директоры. 2000-2002 жылдары - «Intergas Central Asia» ЖАҚ-ының коммерциялық директоры. 2002-2006 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары. 2006 жылдың тамызынан - қазіргі қызметінде.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 23-І, ЖҰМА

Сауд Арабстаны Корольдігінің Мемлекеттік мейрамы - Корольдіктің жарияланған күні (1932).

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабстаны арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы сәуірдің 30-ында орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1993) Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орта Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды.

8 жыл бұрын (2003) Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.

7 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афинада өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындары жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік наградалар табыс етті.

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 1-інші дәрежелі «Барыс» орденімен, Олимпиаданың күміс жүлдегерлері - грек-рим күресінің палуаны Георгий Цурцумиа, боксшы Геннадий Головкин, еркін күрес палуаны Геннадий Лалиев, ауыр атлет Сергей Филимонов «Құрмет» орденімен, қола жүлдегерлер - жеңіл атлет-онсайысшы Дмитрий Карпов, боксшы Серік Елеуов, грек-рим күресінің палуаны Мкхитар Манукян «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар - Н.Ақүрпеков, К.Ғалымтаев, Л.Дон, Ю.Мельниченко, Т.Сайханов және В.Карповқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарынан бір алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Командалық есеп бойынша Қазақстан жиырма төртінші орынға табан тіреді.

6 жыл бұрын (2005) Павлодарлық Тарас Шевченко атындағы Украина мәдениет серіктестігінде республикадағы бірінші украин-қазақ сөздігінің тұсау кесер рәсімі болды.

Сөздік украина диаспорасының оқушыларына өз тілін және мемлекеттік тілді үйренуге көмек көрсетеді. Басылымның тиражы үш мың дана.

6 жыл бұрын (2005) Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды.

Қоладан құйылған Әлияның бейнесі гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіштің екі жағындағы гранит бедерлерге сақ дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы бейнеленген. Мемориал авторлары - белгілі мүсіншілер Бақытжан Әбішев пен Ескен Серғабаев.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстанның шайбалық хоккей федерациясы өзінің ресми сайтын - www.icehockey.kz. іске қосты.

2 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Жетісу жерінде тұрып жатқан батырдың ұрпақтары «Дарабоз» қоғамдық-мәдениет қорын құрып, бірнеше қайырымдылық акцияларын жасау нәтижесінде ескерткіштің құрылысына қаражат жиналып отыр.

Ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі 11 метр. Мүсінші-архитектор - Болат Құсайынов, жобалаушы - Бердібек Шігербаев.

Қаракерей Қабанбай (1691-1769) - қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының бірі болған.

2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Ер Жәнібек батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.

Кешен қолындағы найзасымен бейнеленген батырдың алтыметрлік қола ескерткішінен тұрады. Оның екі жағын екі қасқыр қоршап тұрса, ал арқасында биіктігі 45 метрлік стела бар. Ескерткіштен 30 метрдей жерде Ер Жәнібектің кесенесі орнатылған.

Ер Жәнібек, Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) - жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше көзге түскен батыр, шешен. Ол үш жүздің хандары Әбілмәмбет және Абылай (Әбілмансұр) кезінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда қазақ қолының ең батыр сардарлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Өтеген және Орақбай, Малайсары қатарлы батырлармен тізе қоса отырып, «Құба Қалмақ» аталған жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда күрескен қолбасы, әйгілі шешен, әділ би әрі сол кездегі тұтас Абақ-Керейдің ел иесі болған.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941-2004) жазушы, ақын-аудармашы САИН Алдан дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы Алматы теледидар студиясынан бастап, Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде қызмет істеген. Кейін республикалық теледидар студиясында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің жергілікті теледидар мен радио хабарын тарату бас редакциясында, республикалық кәсіподақтар кеңесінің баспасөз орталығында, Қазақстан Жазушылар одағының насихат бюросында қызметкер, Қазақ КСР кітапқұмарлар қоғамында жауапты хатшы, «Қазақтелефильм» студиясында бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Жазушының «Комиссардың өкілі» атты повесі жарық көрген. Жұмағали Саин, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақындардың өлеңдерін орыс тіліне аударған.

50 жыл бұрын (1961) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Саяси ғылымдар академиясының академигі, «Евразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының академигі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫНОВ Ерлан Мұхтарұлы дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1983-1992 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Экономика институтында қызмет істеді. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Даму институтының президенті. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау вице-министрі. 2001-2008 жылдары - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылы - Ермахан Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы және этнографиясы ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері. 2008 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде.

Негізгі ғылыми еңбектері өтпелі кезеңнің әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелерін зерттеуге арналған. 250-ге жуық ғылыми еңбектің, шет елдерде жарық көрген монографиялардың, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқу құралдары мен сөздіктердің авторы. Ол экономика және саясаттану мамандықтары бойынша 6 ғылым докторы мен 22 ғылым кандидатын даярлаған.

«Ана тілінің айбары», «Құрмет» ордендерімен, Мұстафа Шоқай атындағы алтын медальмен, т.б. медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) «Privateclinic Almaty» көппрофильді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫНОВ Нұрлан Мұхтарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері, 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. Нұрлан Арыновтың басшылығымен медицина ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 3 ғылыми жұмыс жинағы жарық көрген. Балалар хирургиясы саласының 1 докторын, 8 кандидатын даярлаған. Сондай-ақ республикалық және шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде баяндамалар жасаған.

«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 24-І, СЕНБІ

Гвинея-Бисау Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1973).Гвинея-Бисау - Солтүстік-Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі Сенегалмен, шығысы мен оңтүстігі Гвинеямен, батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Мемлекетке 60-қа жуық аралдар кіреді. Астанасы - Бисау қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - песо.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

40 жыл бұрын (1971) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің нөмірі 551-ші қаулысымен сот және әділет органдарының жұмысын жақсарту мақсатында Республикада әділет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары құрылды.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде қазақстан-германияның есептеуіш ғылым және жоғары өнімді есептеп шығару тақырыбындағы алғашқы семинар болып өтті.

Семинардың негізгі мақсаты - есептеуіш ғылымы саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау және Қазастан мен Германия ғалымдары арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту.

6 жыл бұрын (2005) Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Жобаның авторы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Хасен Абаев. Петропавлда ескерткіш орналасқан жерде бұрын Халықтық Ішкі істер комиссариатының ғимараты орналасқан болатын. Ескерткіштің іргетасына шойын жолға бекітілген пирамида орнатылған. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» деген жазу қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Үшбұрышты пирамида - бұл бәріне белгілі адам символы болып табылады. Ол шойын жолға бекітілген сияқты, сол жолмен кезінде репрессияға ұшырағандарды Қазақстанға жеткізген. Шетінде - үш жол, ол жарлық шығарған сталиндік «үштікті» бейнелейді. Композицияда үш түс пайдаланылған: қара түс - өлім, қызыл түс - қан, ақ түс - болашаққа деген сенім мен үміт. Ескерткіш орнатылған алаңда қазіргі заманғы талаптарға сай жасалған шағын бақ ашылды.

4 жыл бұрын (2007) БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде климаттың өзгеру проблемаларына арналған жоғары деңгейдегі кездесу болып өтті.

Президенттер мен үкімет басшылары, сондай-ақ өкілдер делегациялары климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту, зиянды ауа қалдықтарының ауаға шығарылуын азайту сияқты тақырыптарын, сондай-ақ аталмыш проблемалардың техникалық және қаржылық аспектілерін талқылады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода әлемнің 180-нен астам елі қол қойған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның негізгі конвенциясы қабылданған болатын. Ол келісімде климаттың өзгеру проблемасы бойынша қатысушы елдердің ортақ іс-қимыл қағидалары көрсетілген. Тараптардың нақты міндеттемелері зиянды газ квоталарының тетігін анықтайтын Киот хаттамасында жазылған.

4 жыл бұрын (2007) Астанадағы Жастар сарайында жаңадан жабдықталып ашылған кинозалдың тұсаукесері өтті.

4 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровтың (1901-1985) ескерткіші орнатылды.

Ә.Бектұров қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қатысты, бүгіндері өзінің есімімен аталатын Химия ғылымдарының институтын құрып, оған басшылық етті.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды.

Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды.

Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады.

2 жыл бұрын (2009) Алматыда Жетiсу ауданының «Құлагер» ықшамауданында орналасқан жаңа әкiмшiлiк орталығы ашылды.

2008 жылдың шілдесінде Алатау ауданының бой көтеруіне байланысты, Алматы әкімшілігінің және ХІ сессия мәслихаттының шешімімен Жетісу әкімшілік аймағының жаңа шекарасы белгіленген.

2 жыл бұрын (2009) Алматы поштамтының ғимаратында Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының эмблемасы бейнеленген жаңа марка салтанатты түрде айналымға енгізілді.

Бағдарлама мен «Kazpost» логотиптері бар маркаланған конверт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясына жатады, номиналы «Литер А», ол 20 гр. дейінгі қарапайым хатты жіберу тарифіне тең. Конверттің көлемі 220х110 мм, таралымы 1000000 дана, пошта айналымына - 2009 жылдың 24-ші қыркүйегінен бастап енгізілді.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1926) заң ғылымының докторы, профессор, КСРО жоғары мектебінің құрметті қызметкері, Халықаралық психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының (Санкт-Петербор) академигі ШАЙБЕКОВ Кемелхан Асамбекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Алматы заң институтын, Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген. Алматы заң институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, ауыл шаруашылығы мен табиғат қорғау құқығы кафедрасының, еңбек құқығы мен азаматтық процестер кафедрасының меңгерушісі болған. 2000 жылдан бастап Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті азаматтық және қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Заңгердің 300-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 15 монографиясы, оқулықтары, оқу құралдары бар. 30-дан астам заң ғылымының кандидатын, 10-нан астам докторын даярлаған.

Бірнеше медальмен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) жазушы КӨПЖАСАРОВА Айша дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Қаратау қаласындағы орта мектепте 20 жылға жуық ұстаздық еткен.

Зейнетке шыққанға дейін Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оның «Шұғыла», «Жаз келеді», «Бақытым менің», «Соны соқпақтар» атты кітаптары бар.

65 жыл бұрын (1946) кино актрисасы, Ресейдің халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Комсомол сыйлығының иегері АРЫНБАСАРОВА Наталья Өтеуліқызы дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Мәскеу хореография училищесін, Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік факультетін бітірген. 1964 жылы «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Алғашқы мұғалім» фильмінде басты рөл - Алтынайды ойнап, кинодағы жолын бастайды.

1966 жылы Венецияда өткен халықаралық кино фестивалінде осы рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін жүлдеге ие болды. 1969 жылы «Мәншүк туралы ән» және «Жәмила» фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Актриса «Көл жағасында», «Нан дәмі», «Қаралы сұлу», «Сүйрік», т.б. фильмдерге түскен.

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 25-І, ЖЕКСЕНБІ

Саңыраулардың халықаралық күні. Бүкілдүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына (1951) орай қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

74 жыл бұрын (1937) Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.

Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.

41 жыл бұрын (1970) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Иртай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды.

10 жыл бұрын (2001) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады.

Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады.

6 жыл бұрын (2005) Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.

4 жыл бұрын (2007) Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Игілік ауылында жаңа мешіт ашылды.

Жергілікті тұрғындардың күшімен салынған мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан діни басқармасы Ақмола облысы бойынша имам өкілі Рахметолла қажы Оразұлы қатысты.

4 жыл бұрын (2007) Алматыда британдық «Хэйлибэри» мектебінің құрылысының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті.

ТМД-дағы бұл алғашқы британдық орта мектеп «Хэйлибэри Алматы» деп аталатын болады. Оқуды аяқтаған оқушылар орта білім бітіргені жөніндегі сертификатты - IGCSE (International General Certificate of Secondary Education) және халықаралық бакалавр дипломын алады.

2 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Алматы облысы Ішкі істер департаментінің ғимаратында Жедел басқару орталығы ашылды.

Ішкі істер органдарын техникалық қайта жарақтау және ақпараттық қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметінің жаңа тұжырымдамасын белсенді және мақсатты жүзеге асырып отыр. Жедел басқару орталығы қалада орын алатын кез-келген оқиғаға: жеке тұлғалардың шағымдарынан бастап бүкіл қалаға қатысты төтенше жағдайларға үн қататын болады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941-2003) техника ғылымының докторы, профессор РАХИМОВ Есентай Рахимұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Көктерек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым Академиясы Мәскеу мемлекеттік машинатану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастап, өмірінің соңына дейін осы оқу ордасының аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, теоретикалық және қолданбалы математика кафедрасының профессоры болған.

Ғалымның 130 ғылыми еңбегі, оның ішінде 5 монографиясы, 6 оқу құралы және бірнеше ғылыми шығармалары бар. Көптеген шығармалары Ұлыбританияда, Италияда, Испанияда, Югославияда, Үндістанда, Болгарияда, Германияда және ТМД елдерінде жарық көрген. 8 техника ғылымының кандидатын даярлаған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

65 жыл бұрын (1946) заң ғылымының кандидаты, профессор, әділет полковнигі МҰҚАШЕВ Марат Бизауылұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1971-1973 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының әскери тергеушісі. 1973-1979 жылдары - Державин гарнизонының аға тергеушісі, әскери прокурорының көмекшісі. 1979-1981 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі. 1981-1988 және 1990-1992 жылдары - Жамбыл гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, әскери прокуроры. 1988-1990 жылдары - Петропавл-Камчатка гарнизонының әскери прокуроры. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы әскери прокуроры, әскери прокурорының орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты кафедрасы бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары мектебінің доценті. 1995-2003 жылдары - «Тұран» университеті құқық факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі. 2003 жылдан бастап «Әділ сөз» қоғамдық қорының Орталық Азия бойынша мониторингтік қызметін үйлестірушісі болған.

40-тан астам ғылыми еңбектің және бірнеше кітаптың авторы.

Бірнеше медальмен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар