«ҚазАқпарат» ақпараттық нарықта көшбасшылардың бірі болуы тиіс- Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елдің ақпараттық нарығында көшбасшылардың бірі болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАқпарат» ХАА-ға бөлек тоқталып өткім келеді. Ғасырға жуық тарихы бар агенттікті модернизациялауды оның техникалық инфрақұрылымын жаңартудан бастадық. Осы ретте компьютерлік паркті, бағдарламалық жасақтаманы, сервистік жабдықтарды жаңартуға екпін қойылуда. Бүгінде сайттың аудиториясы тәулігіне 45 мың бірегей қолданушыны құрайды, біз бұл көрсеткішті екі еседен астам деңгейге арттыруды көздеп отырмыз»,-деді Дәурен Абаев.

Мұнымен қоса, ведомство басшысы ресурс жаңа мобильдік қосымшаны әзірлеп жатқанын, сондай-ақ агенттік өзінің жеке жобаларын іске қосатынын жеткізді.

Осы орайда министр атқарылып жатқан жұмыстар «ҚазАқпарат» ХАА-ның еліміздің ақпараттық нарығында көшбасшылардың бірі болуына мүмкіндік беретінін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар