«Қазақмыс» шахтасында 51 жастағы жұмысшының үстіне тау жыныстары құлап қаза болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» компаниясының Шығыс Жезқазған кенінің №55 шахтасында қайғылы жағдай орын алды.

 51 жастағы жұмысшы-жарушы  кенжарды бақылап жатқан кезінде үстіне тау жыныстары  құлап кеткен.

Жараланған жұмысшы тез арада ауруханаға жеткізілді. Алайда, ауыр жарақат салдарынан Жезқазған қаласындағы ауруханада көз жұмды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған-туыстарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар