«Қазақмыс» машинисі Жезқазғандағы кен орнында қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғандағы «Қазақмыс» кен орнында машинист қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қайғылы жағдай Оңтүстік-Жезқазған кен орнындағы «Жезказганцветмет» өндірістік бірлестігінде орын алды. 

«Алдын ала деректер бойынша, 39 жастағы машинист өздігінен жүретін жабдықтардың қозғалуы салдарынан жарақат алып, қаза тапты», - деп түсіндірді «Қазақмыс» баспасөз қызметіндегілер.

Жабдықтардың неліктен өздігінен қозғалғандығын арнайы комиссия анықтауда.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметшісі Айжан Алданышева.

Соңғы жаңалықтар