«Қазақмыс» корпорациясы жауапкершілікке тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қыркүйекте монополияға қарсы орган «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, іс Қарағанды және Өскемен қалаларының мамандандырылған әкімшілік соттарына берілді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тергеп-тексеру барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС арасында картель жасасу фактісі анықталды, бұл «Қазатомөнеркәсіп» АҚ еншілес кәсіпорнының күкірт қышқылын сатып алуға жұмсаған қаражатының ұлғаюына әкеп соқты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес картельдік келісімді жасау монополиялық кіріс тәркiлене отырып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің - 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады («Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС үшін - 1,4 млрд. теңгеден астам).

Сонымен қатар, осы істі қарау қорытындысы бойынша 2017 жылғы                    16 қазанда Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ны картель жасасуға әкеп соққан, нарық субъектілерінің қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады, ол ӘҚБтК-ге сәйкес 1000 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейді (бұл 2,2 млн. теңгені құрайды).

 

Соңғы жаңалықтар