«Қазақинвестің» Ақмола облысындағы өкілдігіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақинвест» АҚ-тың Ақмола облысындағы өкілдігіне директор болып Әйгерім Молдабекова тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйгерім Молдабекова 1986 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

2009 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының маманы, инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры болған.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар