KazakhInvest Орта Азиядағы өңірлік төраға болып таңдалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WAIPA шешімі бойынша «KazakhInvest» ҰК» АҚ 2017-2019 жылдар аралығында Орта Азиядағы өңірлік төраға болып таңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дубайда (БАӘ) Дүниежүзілік WAIPA инвестициялық конгресі өтті. Жиында WAIPA шешімі бойынша «KazakhInvest» ҰК» АҚ 2017-2019 жылдарға Орта Азиядағы өңірлік төраға болып таңдалды.

Айта кетерлігі, WAIPA - инвестицияларды насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтар агенттігі.

2017-2019 жылдарға Орталық Азиядағы өңірлік төрағаны анықтау кезінде берілген дауыс бойынша «KazakhInvest» ұлттық компаниясы жеңімпаз болып танылды. Дауыс беру алдында «KazakhInvest» компаниясының қызметі туралы хабардар етіліп, ұйыммен келіссөздер жүргізілді.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар