«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы туризмді қалай дамытпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылғанына жарты жыл болған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының штатында бүгінгі күні 40 адам бар. Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев ол қызметкерлердің немен айналысатынын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Kazakh Tourism" компаниясының негізгі миссиясы - Қазақстанның туристік әлеуетін көтеру, осы саладағы өнімдерді xалықаралық нарықтарда кеңінен насиxаттау. 2023 жылға қарай біздің компания туризм индустриясының беделді мүшесіне айналып, осы салаға инвестицияны көптеп тартатын болады", - деді Р.Күзембаев бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Оның айтуынша, жаңа компанияның негізгі міндеті - туризм саласына ақша тарту, қазақстандық өнімдерге маркетинг жасау, ақпараттық-сараптамалық жұмыс жасау және осы саладағы субьектілердің біліктілігін арттыру.

"Туризм саласына инвестиция тарту жағынан үлкен әрі маңызды жобаларға басымдық беріледі. "Kazakh Tourism" кейбір жобаларды бірлесіп қаржыландыруды да жүргізетін болады. Біз бірқатар үлкен жобаларды анықтадық. Соның ішінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағына кіретін Үлкен Шабақты мен Текекөл маңайындағы құрылыстар да бар", - деп атап көрсетті компания басшысы.

"Kazakh Tourism" компаниясы Қазақстанның туризм саласындағы ұлттық өнімін қалыптастыруға ден қояды. Ол үшін туризмнің нақты төрт түріне басымдық беріледі. Соның ішінде экологиялық және этнотуризм бар. Себебі еліміздің бай табиғаты мен xалқымыздың тұрмыс салты арқасында дәл осы екі бағытты жан-жақты дамытуға болады.

Айта кетейік, бүгінгі жиында Бурабайда ашылатын жаңа нысандар таныстырылды. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырудың жолын ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар