Kazakh Invest инвестициялық жобаларды қалай іске асырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде «Kazakh Invest» ұлттық компаниясында инвесторлардың жобаларын іске асыру бойынша арнайы электронды жүйе бар. Бұл барлық жобалардың сөресі іспетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ол жүйе толығымен іске қосылды. Оған 200-ден астам нақты жоба кіреді. Барлығы сала-сала бойынша бөлінген. Әрбір жобаның сомасы да көрсетілген. Электронды жүйеге қандай да бір жоба түскен бойда екі жобалық менеджер тағайындалады. Олар оны іске асыруға дейінгі барлық шараларды жүргізеді. Рұқсат қағаздарын алу, жер телімін беру, инфрақұрылым мәселелері - бәріне жауап береді. Менеджерлер үнемі инвестордың жанында болып, көмектесіп отырады», - дейді компания басшысының орынбасары Біржан Қанешев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде электрондық жүйе үш тілде жұмыс істейді. Алдағы уақытта оған тағы алты тілді қосу жоспарланған. Бұдан бөлек, қосымша интерфейстер енгізіледі.

Айта кетейік, бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында атқарылған жұмысына есеп берді. 

Соңғы жаңалықтар