Kazakh Invest ЭКСПО кезінде қандай жұмыстар атқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында атқарылған жұмысқа есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көрме аясында біз 150 кездесу өткіздік. Бұдан бөлек, басқа павильондарда өткен сан алуан бизнес конференцияларға қатысып, тағы да 100-ден астам кездесу өткіздік. Соған қарағанда, біз күніне екі-үш кездесу, барлығы  200-300-дей бизнес кездесуді өткіздік. Осының нәтижесінде 22 келісім мен меморандум рәсімделді», - дейді компания басшысының орынбасары Біржан Қанешев.

Оның айтуынша, аталған құжаттар аясында мұнай xимиясы, фармацевтика, xимия мен ақпараттық теxнологияларды дамыту қарастырылған. «Бұдан бөлек, АҚШ, Нидерланды, Швейцария, Монако, Түркия, Қытай сияқты Қазақстанның қазіргі ірі инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп, өзара ынтымақтастық бағыттары айқындалды. Инвесторлар тарапынан біраз ұсыныстар айтылды. Біз соның барлығын пысықтап жатырмыз», - деп атап көрсетті Біржан Бисекенұлы.

Соңғы жаңалықтар