«Қазақфильм» жаңа телехикаяға балалар арасында кастинг жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат. Үміт. Астана» атты телехикаяға байланысты балалар арасында кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып түсіреді.

Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

«Телехикаяға 14-15 жас аралығындағы қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар ұл бала мен 11-13 жас аралығындағы қазақ, әдемі, епті, көңілді, түсірілімдерде тәжірибесі бар бала керек. Бала туралы ақпаратты (аты- жөнін, туған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті [email protected] электронды поштасына жіберуге болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, фотосуреттерді және бала туралы ақпаратты  8 701 991 3949  нөміріне  WhatsApp арқылы жіберуге болады. Киностудия өкілдері бұл нөмірге қоңырау шалмауды сұрайды.

Айта кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында екі ел кино индустриясы мен телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалған болатын. Келісім аясында бірлесіп кино түсіру туралы уағдаластық болған.

Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің  «Первый канал» телеарнасынан көрсетіледі. Сериалдың режиссерлері - Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан).  Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі. 

Соңғы жаңалықтар