«Қазақфильм» мүгедек бойжеткен туралы фильмнің трейлерін жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз бен теңіз» атты әлеуметтік драманың трейлерін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмді  ̶  қос автор Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков ұсынды. «Қыз бен теңіз» фильмінің негізі өмірден алынған. Бас кейіпкер болған бойжеткен - АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясының оңалту орталығының тәрбиеленушісі Динара Шәріпова. Ақжарқын, еңбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет адам. Оның фильмдегі есімі Әсел. Оның бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала сүю.

«Фильмнің түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердің  барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму кешеуілдеуі бар). Ал бас кейіпкердің әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова түскен», - деп хабарлайды киностуднияның баспасөз қызметінен.

null  

Фильмнің мазмұны шынайы өмірден алынған. Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді. 

Фильмнің сценарий авторлары Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров, қоюшы операторы: Тимур Итенов, қоюшы суретші: Джал Ибрагимов. Туындының басты рөлінде Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев және басқалары ойнайды.

null 

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақфильм» «Қыз бен теңіз» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімдері аяқталғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар