«Қазақфильм» қытайлық кинокомпаниямен меморандумға қол қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» қытайлық халықаралық кинофестивалі аясында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Батыс Қытай киносы» корпорациясы арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен.

Тараптар екі елдің мәдени, экономикалық және қоғамдық байланысына септесіп, мәдени тұрғыда тәжірибе алмасып, кино индустриясындағы екі жақты жетістіктерге талпынады.

«Бұл отандық кинематография үшін маңызды құбылыс. Аталған меморандум Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту және екі мемлекетте кино өндірісін дамыту бағытындағы маңызды қадам», - деді  киностудияның вице-президенті Серік Жұбандықов.

Кездесуде бірлесіп кино түсіру саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Еске сала кетейік,   1958 жылы «Батыс Қытай киносы» кинокомпаниясының негізі  қаланды. Ол Қытайдағы 4 ірі мемлекеттік компаниялардың бірі.  Корпорация халықаралық кинофестивальдерде танымал. Қытайлық киностудияда 1000-нан астам көркем фильм түсірілді, олар 70-тен астам халықаралық сыйлыққа ие болды. 

Соңғы жаңалықтар