«Қазақфильм» кастингке келушілерден жасанды кірпік жалғамауды өтінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар» тарихи туындысына кастинг жариялаған болатын. Бүгін киностудияның баспасөз қызметі кастинг барысында қойылатын талаптарды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көк көзді, шаштары сарғыш адамдарды қуана қарсы аламыз. Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз», - делінген хабарламада.

 Айта кету керек, «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» фильмін  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр.

Ал массагеттердің патшайымы туралы «Тұмар» атты тарихи жобаға кастинг үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Алматы қаласында іріктеу киносудияның ғимаратында өтіп жатыр.

Айта кетсек, бұл фильмдерге кастинг Қазақстанның басқа да қалаларында өтіп жатыр.  Жақын күндері кастинг Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында өтетін болады.

Кастингке қатысам деген 16 жастан жоғары адамдарға [email protected]  электронды поштасына өзі туралы ақпарат пен фотосуреттерін жіберуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар