Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхиты аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше болды

2018 жылғы 15 ақпан 11:46 453
Поделиться:
«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхиты аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ТМД елдері ішінен алғаш болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясының мүшесі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Седат Солакоғлы: Түріктер домбыраны мойындай бастады Оралда 1500 орындық мәдениет үйі салынатын болады

Баспаөсөз мәліметтеріне қарағанда, киностудияның федерация құрамына кіретіні туралы шешім басқарма мүшелерінің Бейжіңде өткен «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің кино саласындағы бірлескен ынтымақтастығы - 2018» атты 10-шы съезінде айтылды.

Азия-Тынық мұхит аймағы киноөндірушілер федерациясын 1954 жылы Гонконгтың танымал кинематографисі, меценаты, медиамагнаты, Қытай киноөндірісінің бастауында тұрған Шау Ифу құрған.

Федерацияның негізгі бағыты - киноөндірісті дамытудағы ықпалдастық, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің киногерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар, Азиядағы тарихы тереңде жатқан кинофестивальді өткізу.

Кинематографиясы дамыған, әлем мойындаған Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Кореямен қатар, федерация құрамына, киноөнері қарқынды дамып келе жатқан Австралия, Жаңа Зеландия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Сингапур, Филиппин, Иран, Пәкістан және басқа елдер де енген. Барлығы 24 мемлекет.


«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхиты аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше болды

Қазақстан кинематографистері үшін бұл жаңаша даму, киноөндірістегі жаңа технологияларды игеру және федерация мүшелігіндегі елдермен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы сол елдің кинонарығына ену.

Айта кетелік, халықаралық ынтымақтастық бағытында киностудия бірнеше жобаларды да қолға алған. 2017 жылы «Қазақфильм» үндістандық кинематографистермен бірлескен жобаны іске асырған болатын. «Қазақфильмнің» қатысуымен еліміздің көрікті жерлері көрініс тапқан режиссер Сачиндра Шарманың «Love you family» атты туындысы алғаш рет тек қазақ тіліне тәржімаланып, «Туған үйім тірегім» атты атаумен отандық кинопрокатқа жіберілді.

Сондай-ақ, киностудияның өндірісінде Азия-Тынық мұхиты елдері киноөндірушілері федерациясының тағы бір мүше мемлекеті - Қытаймен жобасы бар. «Композитор» фильмі Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында Алматыда өмір сүрген қытайлық композитор Си Син Хай мен қазақтың ұлы композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығын баяндайтын көркем туынды.


«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхиты аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше болды

Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің киноөндірушілер федерациясына мүше болу «Қазақфильмге» бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндігін береді. Бүгінде бұл киностудияның басымдық беріп отырған бағыттарының бірі.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат