«Қазақавтожолдың» Қарағанды облыстық филиалының директоры мен орынбасары парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті «Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М. Ыбышев және Б. Жақпаровтан 17 млн теңге көлемінде пара алып жатқанда «Қазақавтожол» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Г.Мұқанов және оның орынбасары Е.Отаров ұсталды. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Ақша «Қызылорда-Қарағанды-Павлодар» автожолын жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстардың құжатына қол қою үшін берілген.

15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Г.Мұқанов және Е.Отаров ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

16 қыркүйекте күдіктілердің барлығы соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар