Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -25 °С
Алматы: -11 °С
USD 327.10 EUR 400.53
RUB 5.78 CNY 50.84
Жаңалықтар

Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды

2018 жылғы 9 қаңтар 14:51 4542
Поделиться:
Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды

6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін  жеңіп алды.


Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды 

People Daily порталының хабарлауынша, оның бұл жолғы қарсыласы Уын Инхаң бұдан бұрын Тянжинде өткен бокстан ел біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері, сонымен қатар осы турнирдің  екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атанған.


Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды 

Ал Тоқтарбек Таңатқан кейін шыққан боксшы. Ол бұған дейін осы аталған жарысқа қатысып, күміс медаль еншілеген. Оның сол кездегі қарсыласы да дәл осы Уын Инхаң болған екен.


Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды 

Бұл жолғы 8 раундқа созылған айқаста төрешілер 2:1 деген есеппен Тоқтарбек Таңатқанға 2017 жылғы бокстан Қытайдағы «бокс королі» атағын берген. 


Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды 
Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат