«Қазақ жауынгері» кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
None
 АСТАНА.ҚазАқпарат - 23 жастағы қытайдағы қазақ боксшы, WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы Елшат Нығматоллаұлы (11-0-1, 3КО) 15 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал Елшат кезекті жекпе-жегін қытайдың Гуандун провинциясы Чжуншань қаласында индонезиялық боксшы Рики Мануфоэға (27-32-3, 10КО) қарсы өткізді. 8 раундқа жоспарланған белдесуде Елшат  қарсыласы Рикиды 4-ші раундтың соңғы минутында тізе бүктірді.
null 

Айта кетейік, Елшат Нығматоллаұлы Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20КО) жерлесі.

Соңғы жаңалықтар