Қазақ тіліндегі латын әліпбиі жыл соңына дейін дайын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл маңызды жоба болғандықтан барынша абай болу қажет, қателіктерге бой алдырмау керек. Ағымдағы жылы жасалуы тиісті мәселе - бұл көңілге қонымды барлық әріпті қабылдау. Бірнеше нұсқа әзірлеп, оны талқылап, әліпбиді қабылдау қажет. Содан кейін латынға көшу жұмыстарының жоспарын түзу керек. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып жұмыс істеп жатыр», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеген болатын. Одан кейін ағымдағы жылдың сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобанының ішінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін көтерген еді.
«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», - деп атап өткен еді Елбасы.
- ЖОО-лар сұранысқа ие жаңа мамандықтарды оқытатын болады - Асқар Жұмағалиев
- Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды
- Қазақстандық оқушылар үшін мыңға тарта тегін IT-сыныптар ашылады
- Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері білімдерін Малайзияда жетілдіретін болды
-
Павлодарлық оқытушылар жаңа əліпбиге көшу мəселелерін талқылады
-
Киелі орындар: Қалмақпен шайқасқан қазақтың мерген қыздарының жасағы туралы не білеміз
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам