Қазақ сайттарында трайбализм күшейіп келеді - Сауытбек Абдраxманов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдраxманов қазақ тіліндегі сайттарда рулық алауыздықты туғызатын мәселелерге алаңдайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өкінішке қарай, қазіргі кезде саяси экстремизм, ұлттық пен рулық алауыздықты туғызатын жағдайлар аз емес. Мәселен, қазақ тіліндегі сайттардың бірқатарында ұлттың бірлігіне қауіп төндіретін, жекелеген өңірлерге, жекелеген тайпаларға, жекелеген руларға тіл тигізетін, күлкіге айналдыратын мәселелер дендеп бара жатыр. Осы мәселеге баса назар аударғым келеді. Бұл жақсылықтың басы емес", - деді танымал журналист Абдраxманов бүгін Өңірлік БАҚ форумында.

Оның айтуынша, бүгінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары ұлт пен xалық бірлігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуі керек.

Айта кетейік , бүгін Астанадағы "Қазмедиа" орталығында Өңірлік БАҚ форумы ашылды.  Сол жерде министр Дәурен Абаев Өңірлік БАҚ альянсының немен айналысатынын айтып берді . 

Соңғы жаңалықтар