Қазақ романстарын орындаушылар арасында халықаралық байқау өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қазақ романстарын орындаушылар арасында халықаралық байқау өтті. Биылғы жылы байқауға Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері мен еліміздің барлық облыстарынан 50-ге жуық үміткер қатысып, өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Облыстық мәдениет басқармасы мен өңірдің «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті және славян Ұлттық мәдениет орталығының қолдауымен өткен  шара биыл 20-сыншы рет ұйымдастырылды.  Бүгінде Орталық Азия көлеміндегі өнер сүйер жұртшылыққа танымал романсиада байқауы қазақ романстары мен қазақ академиялық вокалдық музыкасын насихаттауға да кеңінен жол ашты.



Байқауға Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Галина Преображенская мен ҚР еңбек  сіңірген әртісі, профессор Абилов Шахимардан Қайдарұлы, халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Енкебаева мен Өзбекстан Республикасының халық әртісі Аваз Раджабов сияқты өнер жұлдыздары қазылық етті. Сонымен қатар,  құрметті қонақ ретінде «Романсиада» халықаралық байқауының концертмейстері Оксана Петриченко, «Романсиада» халықаралық байқауының монғолиялық лауреаты Энхбат Тувшинжаргал және «Қазақ романсиадасы-2016» халықаралық байқауының Гран-при иегері, Мәскеу қаласындағы «Романсиада» халықаралық байқауының лауреаты Бекзод Давронов, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Романсиада-2013» халықаралық байқауының жеңімпазы Эмиль Сакавовтар арнайы шақырылды. 

Байқау қорытындысымен «Қазақ романсиадасы - 2017» XX байқауының бас жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының əншісі Бекзат Садыков жеңіп алды.  Шымкенттіктердің бұл жеңісі романс орындаушылардың халықаралық байқауы тарихында тұңғыш рет болды.



Соңғы жаңалықтар