Қазақ күресінің шеберлері «Алматы барысы» атағы үшін белдеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр күні Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» атағы үшін балуандар сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сында финалға шыққан қос балуан Елбасының жүлдесі үшін жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысуға мүмкіндік алады.

Алматы қаласында танымал балуандар қатарында Руслан Әдбіразақов, Дәурен Нұралинов, Виктор Демьяненколар бар.

Естеріңізде болса өткен жылы «Алматы барысы» турнирін Руслан Әбдіразақов жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар