Қазақ күресінен «Жас Барыс» қалалық іріктеу турнирі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде қазақ күресінен «Жас Барыс» қалалық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылатын додада балуандар екі кезең бойынша сынға түседі. Біріншісі, қаланың 8 аймағы арасындағы жеке жекпе-жектер болса, ал екінші шешуші кезең командалар арасында өтеді.

Спортшылар үш жас ерекшеліктеріне қарай (14-15, 16-17, 18-19)  сынға түседі.

  Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде балуандар арасында салмақ өлшеу рәсімі өтіп, алғашқы іріктеу сындары басталып кетті. Ал жарыстың ресми ашылу салтанаты ертең, яғни 21 қазан күні болады.

Соңғы жаңалықтар