Қазақ күресінен «Еуразия Барысына» қатысатын балуандар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсан күні «Алматы Аренада» қазақ күресінен өтетін «Еуразия Барысы» әлем Кубогына қатысатын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада Қазақстан екі құраммен бақ сынайды.

Олар:

Қазақстанның 1-құрамасы

55 келі:

Дауылбай Оспан - ҚР спорт шебері, Ұлттық құрама мүшесі, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2017).

60 келі:

Қуаныш Ысқақов - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы (2015 ҚХР, Алтай қ.) Әлем чемпионы (2017 ж. Астана қ.) «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2016 ж. Алматы), Қазақстан чемпионы.

66 келі:

Бақдәулет Сәбитов - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы (2015 ҚХР, Алтай қ.) «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2015 ж. Тараз қ., 2016 ж. Алматы қ.)

74 келі:

Айдос Ғалымов - ҚР спорт шебері, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2015 ж. Тараз қ., 2016 ж. Алматы қ.) Азия чемпионатының қола жүлдегері (2015 ҚХР, Алтай қ.)

82 келі:

Ерсұлтан Мұзаппаров - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионы (2017 ж. Астана қ.) «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2016 ж. Алматы)

90 келі:

Бекзат Ахметбеков - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем Кубогының жеңімпазы (2017 ж. ШҚО, Тарбағатай.) «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж. Тараз қ. )

100 келі:

Асыл Бәрменов - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы (2015 ҚХР, Алтай қ.) «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж. Тараз қ., 2016 ж. Алматы қ.) «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирінің күміс жүлдегері (2014 ж. Астана қ.)

+100 келі:

Айбек Нұғымаров - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін әлем чемпионы, «Әлем Барысы» абсолюттік Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017 ж. Астана қ.) «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы (2013 ж. Астана қ.).

Қазақстанның 2-құрамасы

55 келі:

Дәулет Ниетбай - Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2015, 2017 ж.)

60 келі:

Ержан Мағауинов - қазақ күресінен ҚР Кубогында үшінші орын (2009 ж. Талдықорған), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2011 ж. Қарағанды), Қазақстан Кубогының қола жүлдегері (2011 ж. Шымкент), дзюдодан Чегеев атындағы турнирдің жеңімпазы (2013 ж. Өскемен), дзюдодан Павлодарда өткен турнирдың қола жүлдегері (2014 ж), ҚР Кубогының жеңімпазы (Семей 2014 ж), ҚР Кубогында бірінші орын (Атырау қ. 2015 ж), Қазақстан чемпионатында үшінші орын (2013 ж), екінші орын (Қарағанды 2016 ж). Дзюдо және қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2017ж), Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017ж.).

66 келі:

Қасымхан Төленбай - Қазақстан чемпионы (2017 ж.)

74 келі:

Амангелді Төлемісов - Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017 ж.), Қажымұқан халықаралық турнирінің қола жүлдегері (2017 ж.).

82 келі:

Сахан Әбдіқасым - Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері 2017 ж.), Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017 ж.).

90 келі:

Саят Шәмшиев - Еуразия Барысы халықаралық турнирінің жеңімпазы (2013 ж,), Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017 ж.).

100 келі:

Виктор Демьяненко - Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017 ж.), «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі финалының қатысушысы.

+10 келі:

Руслан Әбдіразақов - ҚР Кубогының чемпионы (2016 ж.), ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2017 ж.), «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қола жүлдегері (2014 ж.) және күміс жүлдегері (2015 ж.), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017 ж.), Конфедерация Кубогының жеңімпазы (2017 ж.).

Соңғы жаңалықтар