Қазақ күресі тұңғыш рет Конфедерация кубогына қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төл спортымыз қазақ күресі биыл тұңғыш рет Конфедерация кубогы аясында өтетін доданың бағдарламасына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конфедерация Кубогы биыл екінші рет жалауын желбіретеді. Оған осыған дейін бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлері енген болатын.

Биылдан бастап ерекше форматтағы жарысқа қазақтың төл спорты қазақ күресі қосылып отыр. Желтоқсанның 1-і күні Алматыда қазақ күресінен клубтар арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтсе, желтоқсанның 2-3 күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында іріктеуден өткен 4 команда Конфедерация кубогының аясында өзара жүлдегерлерді анықтайды.

Соңғы жаңалықтар