12:31, 28 Қазан 2017 | GMT +6
Қазақ күресі: Абсолютті салмақ жеңімпазы 5 мың доллар алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының жеңімпаздарын қомақты қаржылай сыйлықтар күтіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары 2000 АҚШ долларына ие болса, екінші орынға - 1000 АҚШ доллары, үшінші орынға - 500 АҚШ доллары беріледі.
Ал абсолютті салмақ жеңімпазы - 5000, екінші орын - 2000, үшінші орын - 1000 АҚШ долларына ие болады.