«Қазақ хандығы» фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - "Қазақ хандығы" фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды. Көпсериялы фильмде Моғолстанның билеушісі Есенбұғаның  сарайы ретінде түсірілім жұмыстары осы мешітте жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұражай қызметінің мəліметінше, түсірілім 2015 жылдың күз жəне қыс мезгілдерінде жүргізілген.
null 

130 жылдан астам тарихы бар "Жаркент" мешітінде бұған дейін де түрлі фильмдер түсірілген. Мәселен, "Эпизод", "Год дракона","Атаманның ақыры" сынды туындыларды атап өтуге  болады. Мешіттің іргетасы 1887 жылы қаланған. Құрылыс жұмыстары бес жыл жүргізілген. Оның салынуына ұйытқы болған ұйымдастырушы сол замандағы ауқатты саудагерлердің бірі - Ахун Юлдашев. Ал мешіт қытайлық сəулетші Хон-Пиктің жобасы бойынша салынған. Жəне бұл нысанның қалануына халық қаржыны өздері жинаған. Бір де бір шегесіз салынған  "Жаркент мешіті" бүгінгі таңда сəулет-көркемөнер мұражайына айналған. Қабырғаларында құран сүрелері жазылған нысанға келуші туристер саны да жыл санап өсуде. 1892 жылдан 1918 жылға дейін бұл мекеме мұсылмандардың  мешіт медресесі болған.

null
null 

Айта кету керек,  Алматы облысының əкімдігі жəне облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі блог тур ұйымдастырды.
null  

 Шараға республикалық жəне облыстық БАҚ өкілдері,  мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметкерлері жəне блогерлер қатысуда. Екі күнге жалғасатын іс-сапар   Ұйғыр жəне Панфилов аудандарында жалғасады. Аясында қатысушылар түрлі нысандардың жұмысымен, маңыздылығымен танысады.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар