Қазақ елін халықаралық аренада танытып жүрген қыз-келіншектер- «Егемен Қазақстан» газеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 8 қаңтардағы санына шолуды ұсынады.

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі саны Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті Президенттің Алматыдағы резиденциясында қабылдауымен басталады. Сондай-ақ бас басылымның бірінші, екінші және үшінші бетінен ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтың «Президенттің жұмыс кестесі: 2017 жылдың негізгі қорытындылар» атты шолуынан оқи аласыздар.

«Қоғам» айдарынан Астана қаласы бойынша Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары, теолог Айбек Аташевтің сұхбаты жарияланды. Айбек Аташевпен тілшіміз Думан Анаш тілдескен болатын.

Сондай-ақ бас бағанда Дархан Өмірбек «Журналистер жаһандық білімге неге ұмтылмайды» және Ғабит Мүсіреп «Ер мен еңбек» атты маңызды мәселе көтерді.

«Егеменнің» «Әйел әлемі» атты арнайы бетінен Қазақ елін халықаралық ареналарда танытып жүрген қыз-келіншектердің жетістігімен таныса аласыз. Сонымен қатар 2018 жылдың 13 сән үлгісін оқи аласыз.

Көзіқарақты әрі қазақтың көңіл төрінен сан қырлы таланты арқылы орын тауып, сүйкімді бейнесімен жылы ұшырайтын Сарыбаевтар әулеті туралы сөз қозғалғанда өз-өзінен сұранып тұратын бір сауал бар. Талантты әулеттен туғандардың бірі  - музыка танушы, өнертану кандидаты Болат Сарыбаев туралы Айгүл Аханбайқызының «Аспаптану ғылымының атасы» атты естелікті оқыңыз.

Спорт бетінен журналист Қыдырбек Рысбектің Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев туралы жазған «Топжарған» мақаласын оқи аласыз.

Газетіміздің бүгінгі санынан бұдан басқа да қызықты әрі мазмұнды мақалалар мен ақпараттарға қанық боласыздар.

Соңғы жаңалықтар