Қазақ боксшысы «OneG» чемпиондық атақтарын қорғап қалды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда туып-өскен ұлты қазақ кәсіпқой боксшы Бейсенбі «Destroyer» Нәсиоллаұлы (12-1-1, 5КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандасымыз 15-інші жекпе-жегін 20 қаңтар күні Қытайдағы Шэньчжэнь қаласында өткізіп, қарсыласы индонезиялық Джон «Yohanes Ruba» Рубаны (15-3-1, 8КО) 8 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Сондай-ақ, Бейсенбі өзіне тиесілі WBA және WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионы титулын (WBA International super lightweight title,WBC Asian Boxing Council Continental super lightweight title) сәтті қорғап қалды.

null  null 

Айта кетейік, Бейсенбі Нәсиоллаұлы мұның алдында рингке 2017 жылғы 20 қазанда Жапония астанасы Токиода шыққан еді. Қорытындысында қандасымыз жергілікті боксшы Рикки Найтомен (19-2-0, 7КО) 8 раунд бойы жұдырықтасып, 3 жапондық төрешінің шешімімен жеңіліс тапты.

null null null 

Еске салайық, қытайлық жанкүйерлер оны Головкиннің ізбасарына балап «OneG» атап кеткен.

Соңғы жаңалықтар