Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды

Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды
2017 жылғы 13 қыркүйек 18:21 9789

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақ боксшыларының әділетсіз жеңілісінен кейін, Қытайдың бокстан ұлттық құрамасы тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 75 кг салмақтағы боксшы Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңлатханұлы XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының финалына шығып, ақтық бәсекеде  Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаңнан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. 

Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды 

Алайда, спортшының бапкерлері наразылық танытып, шағым түсірген. Қортындысында төрешілер шешімі өзгеріп, қандасымыз финалға жолдама алған.

Сонымен қатар, 64 кг салмақта бокстасқан Ердәулет Мейрамбекұлы ширек-финалда XII кезекті спартакиада чемпионы Ван Гаңмен кездесіп, Ердәулет айқын басымдылық көрсетсе де төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

Жарыстан кейін, төрешінің шешіміне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылық білдіріп, жарыс қортындысын қайта қарауды талап етті.

Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды 

Қытай Мемлекеттік Спорт бас басқармасы 8 қыркүйек күні Қытайдың бокстан ұлттық құрамасының таратылғаны туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде, осы екі жарыста әділетсіз шешім жасаған барлық төрешілер және жауапты басшылардың қызметі тоқтатылғаны туралы айтылған.

Айта кетейік, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қытайдың ең үлкен бокс базасы. Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы өңірдің қазақтар шоғырланған Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келіп, жастайынан Шыңжаң бокс құрамасы сапында өнер көрсеткен. Бүл күнде Шыңжаң боксшылары Қытай атынан халықаралық бәсекелерде және Олимпиада ойындарында топ жарып келеді.

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қытай,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер