Қазақ боксшылары Еуропа турнирінде бірінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасы Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Боскай атындағы 62-ші халықарлық турнирде 3 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне өткен Ілияс Сүлейменов (56 келі) чехиялық Мирослав Горолдан басым түсті. Ал жасөсіпірімдер арасында әлем чемпионы атағы бар Саматәлі Толтаев (64 келі) ересектер арасындағы алғашқы жарысында Моңғолияның ең тәжірибелі боксшыларының бірі Чинзоринг Баатарсукті жеңді. Мұнан бөлек, Қазақстан боксшыларының ішінен Айболды Дәуренұлы (+91 келі) күміс, ал Абай Төлеш (75 келі) қола медаль иеленді.

Айта кетерлігі, Иштван Боскай турнирі Еуропадаға тарихи терең халықаралық жарыс саналады. Ағымдағы жылы бұл байрақты бәсекеге әлемнің 23 елінен 158 спортшы қатысқан болатын.

null null 

Соңғы жаңалықтар